Қазақстан футбол федерациясы мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға арналған тапсырмасын орындау мақсатында елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын іске қосты.
Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен іске асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.
Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау, – делінген хабарламада.
ҚФФ-ның мәліметіне қарағанда, биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары және Жетісу облысындағы стадиондарының алаңдары жаңартылады.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев пен «SD Family» клубының басшысы Дидар Сыдықбек жобаның бренд-амбассадорлары болады.
Ал биыл Алматыдағы ЦСКА стадионы, Жетісу облысы, Балпық би ауылындағы Б.Оңғаров атындағы стадион, Шымкент қаласындағы «Цементник», , Ақтөбедегі №2 БЖСМ5, Ақтаудағы «Каспий» спорт кешені реновация бағдарламасына кіреді.