Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Тұрмысы төмен 102,7 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Фото: Halyq Uni

Елімізде тұрмысы төмен 102,7 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл 1 тамыздағы жағдай  бойынша 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 65 млрд теңге бөлінген.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Биыл 1 қаңтардан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (5175 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) ауыстырылды.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, 166,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Бүгінде қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан намысын қорғаған елордалық балуандар ерекше белсенділік танытты

admin_altyalash

Минск қаласында Абайға арналған көрме ашылды

admin_altyalash

Жергілікті мамандардың да білікті, білімді әрі тәжірибелі екенін көрсету – форумның басты міндеттерінің бірі болды

admin_altyalash