Батыс өңірін электрмен тұрақты қамтамасыз ету жұмысын биыл аяқтау қажет – премьер-министр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Батыс өңірін электрмен тұрақты қамтамасыз ету жұмысын биыл аяқтау қажет – премьер-министр

17.08.2023
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте батыс өңірін, атап айтқанда Маңғыстау облысын электрмен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеңесте қатысушылар назарына Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы (МАЭК) жөндеу жұмыстарының барысы және жалпы Маңғыстау облысын электрмен тұрақты түрде қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама ұсынылды.

Жедел іс-шараларды іске асыру шеңберінде жаңа электр желілері нысандарын салу арқылы Батыс энергетикалық аймағын нығайту жөніндегі жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Бұл тұтынушыларды энергия қуатынан шектемеуге мүмкіндік береді. Өйткені МАЭК энергоблоктары ажыратылғанның өзінде электр энергиясының тапшылығы Орал – Атырау – Маңғыстау транзиті арқылы өтеледі.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында электр энергиясын тұтынудың болжамды өсімін ескере отырып, бірқатар ұзақ мерзімді шаралар әзірленді. Олардың қатарында 500 кВ электр беру желісін салу арқылы Батыс энергетикалық жүйесін Қазақстанның бірыңғай энергожүйесімен біріктіру, сондай-ақ батыс аймақта жаңа генерациялау жобаларын іске қосу бар. Мәселе базалық және маневрлік генерацияланатын газ стансалары және жаңартылатын энергия көздеріне негізделген гибридті стансалар салу туралы болып отыр. Сонымен қатар облыстағы жұмыс істеп тұрған стансаларға да жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

Премьер-министр Маңғыстау облысына қажетті энергетика саласындағы жобаларды іске асыруды жеделдетуді және бұрын жоспарланғандай 2027-2028 жылдарға емес, нысаналы мерзімдер ретінде алдағы 2024-2026 жылдарға бағыттауды талап етті.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов тұтынушылардың электр жарығын сөндірмеу үшін өңірді электрмен тұрақты түрде қамтамасыз ету жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау қажеттігін айтты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астаналық қыз спайкингтің құрбаны болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тоқаев Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.