Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгіннен бастап Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің ведомствоның жеке құрамына арналған телефон нөмірі іске қосылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады, – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты жерін көрсету маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысының әкіміне жаңа театр салуды тапсырды

admin_altyalash

Ақсу және Көксу қант зауыттары қант қызылшасын қабылдай бастады

admin_altyalash

Біздің де мүмкіншіліктеріміз артып келеді.

admin_altyalash