Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Облыс халқының 98,1 пайызы таза ауыз су тұтынады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Облыстағы 230 ауылдың 198-і немесе тұрғындардың 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 32 ауылда 8 мыңнан астам адам, яғни ауыл халқының 2 пайызы қоныстанған.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында Үкіметке алдағы бес жылда халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай жоғарыда аталған 32 елді мекенге қатысты кезеңдік жоспар жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде, Экология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы 3 елді мекенге (Арал ауданындағы Ақбасты, Абай, Тоқабай), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы 5 елді мекенге (Арал ауданындағы Көктем, Ерімбетжаға, Қазалы ауданындағы Шәкен, Шиелі ауданындағы Қызылқайың, Қосүйенкі) су желісі тартылады. Жергілікті бюджеттен 24 елді мекенге (Арал ауданындағы Жіңішкеқұм, Мойнақ, Құланды, Тастүбек, Күршек, Сазды, Қазалы ауданындағы Қожақазған, Мәдениет, Тапа, Ажар, Бірлік, 101 разъезд, 102 разъезд, Сарбұлақ, Жұбан, Шилі, Шөлқұм, Қармақшы ауданындағы Ордазы, Сарытоғай, Кекірелі, Шобанқазған, Шиелі ауданындағы Лесхоз, Жуантөбе, Ақтам) су тұщытқыш қондырғылар орнату жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл сумен қамту және суды бұру саласындағы 23 жобаға 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 83,7 шақырым ауыз су, 6,9 шақырым кәріз жүйесі мен 12 дана КНС жаңғырылып, 7 ұңғыма пайдалануға беріледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында 40 шақты турист мінген автобус апатқа ұшырады

admin_altyalash

Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді

admin_altyalash

Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты фото және киноқұжаттар табылды

admin_altyalash