Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Шахматтан ӘЧ: Қазақстанның қыздар құрамасы финалға шықты

Дереккөз: Қазақстан шахмат федерациясы

Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында  өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында финалға шықты.

Шахматшылар жартылай финалда Франция құрамасымен ойнап, жеңіске жетті.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар бар. Енді финалда Қазақстан шахматшылары ½ финалда АҚШ командасын жеңген Грузиямен кездеседі. Матч 11 қыркүйекте сағат 18:00-де басталады.

Әлем чемпионатына 12 команда қатысып жатыр. Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы жартылай финалға шығып көрген емес.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады

admin_altyalash

Арыстанбек Мұхамедиұлы сот ғимаратына жете алмады

admin_altyalash

«Ұл бала үшін аз ақша беріп тұрсыз»: Жәнібекті саудалаған әйелдің кім екені белгілі болды

admin_altyalash