Боранбаевқа шыққан сот үкімі күшін жойды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Боранбаевқа шыққан сот үкімі күшін жойды

15.09.2023
0
Боранбаевқа шыққан сот үкімі күшін жойды
Фото: Halyq Uni

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотында кәсіпкер Қайрат Боранбаев пен басқа сотталушылардың тергеумен процессуалдық келісімі қаралды.

Бұған дейін Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды, артынша апелляциялық сот бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойған еді.

15 қыркүйекте өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы процессуалдық келісім бойынша Боранбаевты қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі — 189-бабы бойынша кінәлі деп тануды, 218-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуін сұрады. Қазақстан президентіне Қайрат Боранбаевты «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Парасат», III дәрежелі «Барыс» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізуді сұрады.

Қылмыстық іс бойынша сотталушы Роман Нахановты мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Тайыр Жанұзақты 5 жылға соттауды сұрады. Сот барысында Тайыр Жанұзақтың 2019 жылы туған қызын жалғыз тәрбиелеп отырғаны айтылды. Соған байланысты сотталушыға қызы мектепке барғанша жазаны өтеу уақытын шегеруді сұрады.

Судья Қайрат Боранбаевтан процессуалдық келісімге келістіңіз бе деп сұрады. Боранбаев келіскенін, шығын көлеміне де қарсы емес екенін айтты. Сондай-ақ процессуалдық келісімге қол қойғанын және қолдайтынын мәлімдеді.

ПРОКУРАТУРА МӘЛІМДЕМЕСІ

Астана қаласының прокуратурасы Қайрат Боранбаевпен және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп және оларды заңдастыруға қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады.

Заң бойынша мұндай келісімді жасаудың міндетті – шарттары сотталушылардың ерікті түрде ерік білдіруі, олардың тағылған айыппен келісуі, дәлелдемелерге дау келтірмеуі, залалды мойындауы және жәбірленушінің келісімі.

Сотталушылар кінәсін толық мойындауын және 14,5 млрд теңгенің залалын өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады, – делінген ақпаратта.

Оның шарттары бойынша сотталушылар жасаған қылмыстарын мойындағандықтан Боранбаев пен Нахановтың мүлкі тәркіленіп, әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, ал Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыра отырып, үшеуіде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасының тағайындалуымен келісті.

ҚАЙРАТ БОРАНБАЕВ ІСІ

Боранбаевқа сот үкімі 2023 жылдың 31 наурызында шықты. Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс бойынша сотталушы – Qazaq Gaz АҚ басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та 8 жылға сотталды. Ол сот залынан қамауға алынды.

Содан кейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжат түпнұсқасының болмауына байланысты бірінші инстанциядағы сот үкімінің күшін жойды.

22 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады. Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин мемлекеттік айыптаушымен процестік келісімге келу туралы өтінішхат жолдады.

Сотталушылар мен олардың адвокаттары тергеу органдарымен процестік келісімге келу туралы өтінішхатты қолдады. Сотталушы Тайыр Жанұзақтың адвокаты процестік келісімге келу туралы өтінішхатты қолдайтыны айтып, сот алқасынан Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңды назарға алуды сұрады.

Судья Қайрат Боранбаевтан «кінәңізді мойындайсыз ба?» деп сұрады. Боранбаев «процестік келісім бойынша, иә» деп жауап берді.

Істі судья Айсұлу Сламбеков, Нұрлан Баяхметов, Айбек Әмірғалиев қарап жатыр.

Айгерім Таубай

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанадағы гипермаркетте түнеген вайнерлер ұсталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Көкшетауға моңғолиялық кәсіпкерлер тобы келді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.