Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Депутат ақпараттық шабуыл мен қысымға қарамастан пікірі өзгермегенін айтты

Ринат Зайытов, фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жуырда сұқбат беріп, «Қазақстандағы алаяқтықтың 80 пайызын жасайтын қауым – намаз оқитындар» деген мәлімдеме жасады.

Алайда, депутат қоғамда дау туғызған сол мәлімдемесінен кейін де пікірі өзгермегенін айтты.

Мәжіліс кулуарында журналистер Ринат Зайытовтан «Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен пікіріңізді өзгерткен жоқсыз ба? Өз ұстанымыңызда қаласыз ба?» деп сұрады.

Бұл туралы әлеуметтік желіде де жаздым. Өз ұстанымымнан таятын болсам, сіздер бірінші естисіздер, – деді депутат.

Сондай-ақ депутат даулы мәлімдемесінен кейін Мәжілісте оның тәртібі сөз болғанын айтты.

Иә, шағымдар, арыздар болды. Дисциплинарлық топ та құрылды. Нақты шағымға өзім жауап бердім. Қалыпты жағдай ғой, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат министрлігі діни сауат бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

admin_altyalash

Жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр

admin_altyalash

«Тоқаев моделінің» негізгі басымдықтары: прагматизм, креативті индустрия және «қазақылықты» сәнге айналдыру

admin_altyalash