Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Азиада-2023: Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко чемпион атанды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, «скит» жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп – 40:35.

Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль.

Айта кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

«Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін»,  – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Ұқсас жаңалықтар

«Абай салбұрыны – 2025»: елордалық құсбегілер республикалық турнирде жоғары нәтиже көрсетті

admin_altyalash

Көкөністерге маусым айының соңына дейін «жасыл дәліз» енгізу туралы шешім қабылданды

admin_altyalash

Олимпиада медалін алуға бір қадам қалды – Әбиба Әбужақынова

admin_altyalash