Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Әр азамат үздіксіз оқуы керек – Мемлекет басшысы

фото:ашықдереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарымыз жаңа заманға қажетті дағдыларды үздіксіз үйренуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Балаларымыз заманға сай озық білім алуы қажет. Қазір еңбек нарығы өте жылдам өзгеруде. Көптеген салаға жасанды интеллект еніп жатыр. Бұл үдеріс жылдан жылға қарқын ала беретіні сөзсіз. Бүгін жоғары сұранысқа ие мамандық ертең қажет болмай қалуы мүмкін. Ғалымдар 2050 жылға қарай қазіргі кәсіптердің жартысына жуығын цифрлық және техникалық жүйелер алмастырады деген болжам айтып жатыр. Сондықтан, азаматтарымыз жаңа заманға қажетті дағдыларды үйренуі керек. Бұл – өте маңызды міндет», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, білімге құштарлықты баланың бойына мектептен бастап сіңіру қажет. Яғни, балаларымыз білікті маман болсын десек, ең алдымен, орта білім сапалы болуы керек.

«Бұрын «алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсінік бар еді. Енді оның орнын «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басуы керек. Қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом немесе сертификат емес. Олар іздене білетін, жаңа талапқа икемделе алатын, тәртіпті және ұқыпты жас мамандарды бағалайды. Яғни, қызметкердің қолындағы қағазға емес, қарым-қабілетіне мән береді. Сондықтан, әр азамат үздіксіз оқуы керек», деді ол.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаев:Бұл – жай ғана ұран немесе популизм емес, мемлекеттік саясатымыздың бұлжымас қағидаты

admin_altyalash

Астанада биыл 27 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

admin_altyalash