Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

АШМ киіктердің етін қайда сататынын білмейді

Фото: orda.kz

Елімізде олардың етін сататын 7 комбинат анықталған

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда атылған киіктердің еті нақты қайда сатылатынын айта алмады, деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.

Киіктерге (ату ережесіне, – автор) қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді. Жақында ет комбинаты (киіктердің етін) сатады деген шешім қабылданды. Бұл жұмысқа «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорны да жауап береді. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігі ретінде ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз, – деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Алайда министр киіктердің еті нақты қайда сатылатынын айта алмады.

«Біз 7 ет комбинатын айқындадық. Онда ветеринарлар бар. Олар (өнімнің) сапасы мен ветеринарлық қауіпсіздікке жауап береді. Киіктердің етін қайда сатамыз? Біз мониторинг жүргіземіз, қосымша ақпарат береміз», – деді ведомство басшысы.

Дәурен Ербола

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда «Заң және тәртіп» бастамасы аясында жастармен кездесулер жалғасуда

admin_altyalash

Шетелдіктердің бала асырап алу мәселесін құқық қорғау органдары да тексеру керек – Мұрат Әбенов

admin_altyalash

Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды

admin_altyalash