Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарЖаһан жаңалықтарыСаясат

Қазақстанның гуманитарлық жүгі тиелген ұшақ Мысырға барып қонды

Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Қазақстан Палестинаға бөлген гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Мысырға барып қонды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Гуманитарлық жүк Палестина халқына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жіберілді. Жүк ұшағына мемлекеттің материалдық қорынан азық-түлік, көрпе-жастық, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС-нан дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тиелді.

гумпомощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Керек-жарақ тізімінде 14 түрлі бұйым бар.  Олардың жалпы салмағы 38 тонна. Жүкті ҚР ТЖМ әскери күш-құрылымдары тиеді.

гумпомощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Гуманитарлық көмек “Қызыл жарты ай” қоғамдық ұйымының өкілдеріне табысталады.

гумпомощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Айта кетейік, кеше Палестинаға гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Алматыдан ұшып шыққанын жазған едік.

Одан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жіберетіні  хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Асанәлі Әшімов ордендерін архивке тапсыратын болды

admin_altyalash

Біз жедел штабта тұрып қалған бес элеваторды іске қосуды қарастырдық

admin_altyalash

«БІРЛІГІ БЕКЕМ СЫР ЕЛІ»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

admin_altyalash