Жылына 70 мың машина: Әлихан Смайылов Қостанайдағы көлік шығаратын кәсіпорындарды аралады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жылына 70 мың машина: Әлихан Смайылов Қостанайдағы көлік шығаратын кәсіпорындарды аралады

26.01.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Үкімет

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласының бірқатар өндіріс орындарын аралады.

Үкімет басшысы жылына 70 мыңға дейін көлік шығаратын Kіа автомобиль зауытының құрылысымен танысты.

Кәсіпорынның бас директоры Ким Де Ки зауытта 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын атап өтті.

машина зауыты
Фото: Үкімет

Бастапқы кезеңде Sorento, Sportage және Cerato сияқты шағын торапты 3 модель өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Зауытты іске қосу 2025 жылға жоспарланған.

Әлихан Смайылов Үкіметтің экономиканы әртараптандыруға және өңдеу өнеркәсібінде локализациялауды тереңдетуге үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Біз кореялық әріптестерімізді және Қазақстанда осындай ірі инвестициялық жобаның іске асырылуын құптаймыз. Менің білуімше, бұл Еуразия құрлығындағы жалғыз зауыт. Біреуі АҚШ-та, екіншісі осында. Аталған зауыттың қуаттылығын ескерсек, бұл біздің республика үшін өте маңызды жоба», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінгде отандық машина жасау саласы, оның ішінде автомобиль өнеркәсібі жақсы даму қарқынын көрсетіп отырған. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес елімізде 148 мың автокөлік шығарылды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30%-ға артық.

машина зауыты
Фото: Үкімет

«Біз ішкі нарықты әртүрлі автокөлік түрлерімен толықтыру мақсатында ғана емес, сонымен қатар экспортқа шығару үшін де осы серпінді сақтауды жалғастыруымыз керек, бұл біздің одан әрі тұрақты дамуымыз тұрғысынан өте маңызды», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр жаңа Kіа зауытында шағын торапты құрастыру әдісімен 50 мыңға жуық автокөлік шығарылатынын айтты.

зауыт
Фото: Үкімет

«Бұл отандық автомобиль өндірісін дамытудағы өте маңызды кезең. Біз бұл жобаның жедел жүзеге асуын толық қолдаймыз», — деді Үкімет басшысы.

Әрі қарай Премьер-Министр Allur зауытында Chevrolet Оnix автокөлігінің өндірістік жоспарымен танысты. Allur компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, зауыт толығымен ішкі нарыққа бағдарланған және қолжетімді бағамен автокөліктер шығаратын болады. Сериялық өндіріс көлемі 30 мың бірлік болғанда конвейер жылына 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады.

машина зауыты
Фото: Үкімет

Әлихан Смайылов атап өткендей, бүгінде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі қазірдің өзінде өндіруші саламен теңесті. Сонымен бірге Үкімет қосылған құны жоғары салалардың пайдасына шикізаттан бас тартуды қамтамасыз ету үшін оның дамуы қарқынын жеделдету бойынша жұмысты жалғастырады.

«Жаңа өндіріс орындарын іске қосу автомобиль өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Ол қазірдің өзінде экономикамыздың стратегиялық маңызды саласына айналып отыр. Біз оның қарқынды дамуына және ел экономикасының орнықты болуына одан әрі ықпал ететін боламыз», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Үкімет басшысы өңірде ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын, компоненттер мен қосалқы бөлшектер шығаратын «АгромашХолдинг KZ» локализация орталығында болды. Бүгінде кәсіпорын жылына 1 мың комбайн, 3 мың трактор, 300-ге жуық тұқым сепкіш және 200 жинаушы платформа шығара алады. Атап айтқанда, өткен жылы қазақстандық диқандардың егіс алқабына 1 200-ден астам трактор мен комбайн жеткізілді.

зауыт
Фото: Үкімет

Әлихан Смайылов қазіргі таңда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласы жоғары өсу қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті.

Мәселен, өткен жыл қорытындысы бойынша 6,4 мың астық жинайтын комбайн мен трактор шығарылды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.

«Біз осы қарқынды сақтап, өндірісті арттыруымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жергілікті қамтуды арттыру, жұмыс орындарын ашу және аймақтағы шағын және орта кәсіпорындарды жұмыспен қамту мақсатында мұндай локализациялау орталығы жұмысының маңызы зор. Біз әкімдікпен бірлесе отырып, мұндай кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», — деді Премьер-Министр.

трактор
Фото: Үкімет

Қостанай облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының өсу қарқынын ескере отырып, ел аумағы бойынша жүк тасымалдарын ұлғайту қажеттілігі артып келеді. Әлихан Смайыловқа заманауи теміржол терминалын салу жобасы түрінде шешім ұсынылды. Құрғақ порт аймақ арқылы контейнерлік тасымалдау көлемін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

зауыт
Фото: Үкімет

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Майқайыңдағы апат: комиссия тергеу нәтижесін жариялады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.