Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Біз үшін үлкен қуаныш әрі жауапкершілік — Даниал Ахметов

Фото: Жеңіл атлетика федерациясы
Астанаға жеңіл атлетикадан Олимпиада және әлем чемпиондары жиналды

Бүгін Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық жеңіл атлетика турнирі қарсаңындағы баспасөз жиыны өтті, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясы.

Жиынға Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Дүниежүзілік жеңіл атлетика өкілі Пирс Окаллахан, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем рекордшысы Арманд Дуплантис пен жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Надежда Дубовицкая қатысты.

Астанада Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes өткізіп, Олимпиада чемпиондарын, әлем рекордшылары мен ең үздік спортшылардың басын қосу – үлкен қуаныш әрі жауапкершілік. Әрине, бұл старт отандық жеңіл атлетика үшін ғана емес, жалпы Қазақстан спорты үшін үлкен оқиға.

Бұл жарысқа 45 елден 136 спортшы қатысады. Оның ішінде 4 Олимпиада чемпионы, 10 әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы және 2 әлем рекордшысы бар, –  деді Жеңіл атлетика федерациясының президенті.

Спикерлер Қазақстандағы жеңіл атлетиканың даму болашағы және алдағы турнирге дайындық туралы сұрақтарға жауап берді.

Еске сала кетейік, алтын деңгейлі кездесулер сериясы әлемнің 7 қаласында өтеді. 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады.

Астанада әйелдер арасындағы жарыс 400 м, 60 м, 1 миль, 60 м кедергілер, биіктікке секіру, ұзындыққа секіруден болады.

Ұқсас жаңалықтар

Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай құрылысы басталды

admin_altyalash

Арнайы ұшақпен Түркиядан елге оралған отандастар Президентке алғыс айтты

admin_altyalash

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

admin_altyalash