Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан бокс федерациясының басшысы ауысты

фото:instagram.com/boxingkazakhstan
Қазақстан бокс федерациясының жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты хабарлады.

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық жиыны өтті. Жиын барысында федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды.

«Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ ролін ел ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын. Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен бір мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажетті барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз», — деді Шахмұрат Мүтәліп.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Кеңес Рақышев атқарған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды облысының ауылдарында жаңа спорт нысандары ашылуда

admin_altyalash

Абай облысының спортшылары дзюдодан аралас командалық жарыста чемпион атанды

admin_altyalash

Спортшыларымыз заман талабына сай келмейтін залдарда жаттығып жүр

admin_altyalash