Майқайыңдағы апат: іздестіру-құтқару жұмысы тоқтатылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Майқайыңдағы апат: іздестіру-құтқару жұмысы тоқтатылды

05.02.2024
0
Майқайыңдағы апат: іздестіру-құтқару жұмысы тоқтатылды
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында опырылған шұңқырға құлаған автобустағы адамдардыі іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлады облыстық ТЖД.

GRP-RIDDER-GROUP компаниясы жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес, шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Топырақтың астында қуыстар пайда болған. Бұл тау жынысының құлау қаупі өте жоғары екенін көрсетеді. Бұл учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмысын жүргізу барлық қатысушыға өте жоғары қауіп төндіреді.

Апатты жою басшысының орынбасары – КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылар мен экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты, жүргізіліп жатқан жұмысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты «Майқайыңалтын» АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмысын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылады.

Қазір Павлодар облысы ТЖД-ның барлық күші мен құралы жұмыс жүргізіліп жатқан жерде.

Еске сала кетсек, биыл 3 ақпанда «Майқайыңалтын» АҚ кеніші аумағында опырылған жерде тағы да сызат пайда болған еді. Бұл тау жынысының құлауы мүмкін екенін білдіреді. Осыған байланысты іздестіру жұмысы тоқтауы мүмкін екені хабарланған. Бүгінде опырылған шұңқырға құлаған автобустағы адамдарды әрі қарай іздестіру мәселесін арнайы комиссияның қарайтыны белгілі болған.

Айта кетейік, биыл 4 қаңтарда 3 құтқарушы және 1 жүргізушісі бар автобус опырылған шұңғырға түсіп кеткен болатын. Оның тереңдігі – 200 метр, ені – 500 метр. Сол күні 2 құтқарушының денесі табылған. Алайда автобустағы 1 құтқарушы мен 1 жүргізушінің денесі әлі табылмады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ЕУРО-2024: БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.