Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Жетісу облысында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуынан бір адам көз жұмды

Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан бір адам көз жұмды, 

Жол апаты 21 ақпанға қараған түні Сарқан ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 455-шақырымында болған. Nissan Terrano жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Жолаушы ретінде кетіп бара жатқан әйел түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Жаһандық медиа кеңістікті байытатын жобалар дүниеге келетініне сенімдімін

admin_altyalash

Текелі ЖЭО-2 жөндеу жұмыстарынан кейін жабдықтардың тозуы екі есеге азайды

admin_altyalash

Елордалық кәсіпорнның еңбек ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады

admin_altyalash