«Салаға тартылатын инвестиция көлемі 50 млрд теңге болады. Оның 9 млрд теңгесі жел электр стансаларына, 13 млрд теңгесі күн электр стансаларына, 28 млрд теңгесі су электр стансаларына бағытталады», – деп жазылған жауапта.
Жауапта биыл іске қосылатын 11 жаңартылатын энергия көзінің жалпы қуаты 117,35 МВт болатыны да айтылған. Оның ішінде жиынтық қуаты 27,45 МВт болатын 3 жел электр стансасы, 40 МВТ қуат беретін 2 күн электр стансасы, 49,9 МВТ қуат беретін 6 су электр стансасы қолданысқа берілмек.