Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Олжас Бектенов бағаны тұрақтандыра алмаған әкімдердің мәселесін жеке қарайтынын айтты

Фото: ҚР Үкіметі
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында орынбасары Серік Жұманғаринге инфляцияны төмендете алмаған өңірлердің мәселесін дереу баяндап отыруды тапсырды.

«Серік Мақашұлы, аталған мәселенің әлеуметтік маңызы зор, сондықтан оны қатаң бақылауда ұстаңыз. Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын. Осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық және оффтейк-келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек», – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажеттігін еске салды.

«Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға бақылауды күшейтіп, Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындау бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Жоспарланған және қолданыстағы барлық жобалар белгіленген мерзімдерде іске асырылуға тиіс», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады

admin_altyalash

Ұлттық құрылтай – елдік ой-пікір алаңы

admin_altyalash

Баспасөз қызметтері мен БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтеді

admin_altyalash