Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

КЕЛЕСТЕГІ ЕЛДІ МЕКЕН ДИҚАНДАРЫНЫҢ АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

СТК (Северный Ташкентский Канал) Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алады. СТК каналы Өзбекстан Республикасы теңгерімінде. Қазақстан Республикасы аумағынан 19,2 шақырымы ағып өтеді. Келес ауданының Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің жалпы 2922 гектар егіндік жерлерін сумен қамтиды.
Жүзімдік ауылдық округі аумағынан өтетін СТК каналындағы тоспалы су құрылымында (сарқырама) биыл 9 наурызда апатты жағдай болды. Жөндеу және құрылыс жұмыстары қолға алынды. Өзбекстан Республикасының «Боз-су» ирригация мекемесімен бірлесіп, биылғы жылдың 31 наурызында құрылыс жұмыстары басталып, 2 сәуір күні толық аяқталған. Жөндеу-құрылыс жұмыстарында құйылған бетон қаптамалары ағын су өткізуге 2024 жылдың 5 сәуір күні толық дайын болды. Шаруларға су беріліп, мәселе шешілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет отырысында жол саласын дамыту және аталған салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды

admin_altyalash

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді

admin_altyalash

Алматыда 2030 жылға дейін дендрологиялық жоспар әзірленеді

admin_altyalash