Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Фото: akorda.kz

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды.

вертолетте
Фото: akorda.kz

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған.

су тасқыны
Фото: akorda.kz

Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

Ұқсас жаңалықтар

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік саясаттың негізі адам және оның әлеуеті екені айқын көрсетілген

admin_altyalash

Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атағын жеңіп алды

admin_altyalash

AMANAT партиясы премьер-министрлікке өз кандидатын ұсынды

admin_altyalash