Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» туралы заңды қабылдады

Фото: Kazinform

 – Мәжіліс «Масс-медиа туралы» туралы заңды және кейбір заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды екінші оқылымда қабылдады.

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

«Заң жобасында жекелеген журналистерге оңайлатылған аккредиттеу құқығын беретін «баспасөз картасын» енгізу жөніндегі норма ұсынылған. Ашығын айту керек, бұл норма жұмыс тобында, жалпы қоғам ішінде үлкен пікірталас тудырды. Жұмыс тобындағы мүшелердің басым бөлігі бұл норманы демократиялық принциптерге қайшы, журналистерді алалау, жан-жақты ақпарат таратуға кедергі келтіретін норма деп бағалады.

Сондықтан бұл норма бойынша нақты шешім қабылданды – «пресс-карта» туралы норма жойылды», – деді депутат.

Сондай-ақ, заңның негізгі мақсаттарына тоқталды.

«Негізгі заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, құқықтарын нығайту және міндеттерін қайта қарау, журналистердің артықшылықтарын кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстар көзделген», – деді Жанарбек Әшімжан.

Ұқсас жаңалықтар

Анадолы селжұқтары мен Жошы ұлысының байланысы – орта ғасырдағы ең маңызды тақырып – Абдуллах Гюндоғду

admin_altyalash

Астана қаласында  «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің III пленумы өтті

admin_altyalash

Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам

admin_altyalash