– Астанада бокстан дәстүрлі «Елорда кубогі» турнирінің алғашқы жарыс күні өтті.
Ұлттық олимпиадалық комитеттен мәлім еткендей, шаршы алаңға шыққан ұлттық құрама мүшелерінің барлығы қарсыластарынан басым түсті.
Олардың арасында Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаевтар бар.
Сондай-ақ, жақында Қазақстан азаматтығын алған этникалық қазақ Аман Қонысбеков те құрама сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.