Майк Тайсон блогермен бокстасады (ВИДЕО) – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Майк Тайсон блогермен бокстасады (ВИДЕО)

15.05.2024
0
Майк Тайсон блогермен бокстасады (ВИДЕО)
Фото: isport.ua

20 шілдеде АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы 105 мың адамға арналған «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында әлемнің аса ауыр салмақтағы экс-чемпионы Майк Тайсон мен белгілі блогер-боксшы Джейк Пол қолғап түйістіреді.

Кеше боксшылар баспасөз мәслихатын өткізіп, салмақ өлшеу рәсімін жасады.

Қазір Майк Тайсон 57 жаста. 30 маусымда ол 58-ге келеді. Ал Джейк Полдың жасы 27-де. Дәл қазір екеуі жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Майк Тайсон соңғы рет 2020 жылы қараша айында әлемнің жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпионы Рой Джонспен бокстасты. Бұл жекпе-жек тең есеппен аяқталды. Сол күні Тайсонның қазіргі қарсыласы Джейк Пол Ұлттық баскетбол қауымдастығы лигасында ойнаған Нейт Робинсонмен жұдырықтасқан болатын. Осы жекпе-жекте Пол баскетболшыны нокаутқа жіберген еді.

2023 жылы қазан айында Тайсонның өкілдері «Енді Майк ешқашан шаршы алаңға шықпайды», деп мәлімдеді. Бірақ Тайсон шамасын тағы бір сынап көргісі келіп, Джейк Полмен бокстасуға келісімін береді.

Тайсон мен Полдың жекпе-жегі 10 минуттан 2 раунд болады.

Тайсонмен жекпе-жек өте қиын болатынын білемін. Менде бір қорқыныш бар. Бірақ мені де жақсы түсініңіздер. Нокаутқа түсемін деп қорқып отырған жоқпын. Мен батыл адам екенімді көрсеткім келеді. Онымен жұдырықтасудың өзі батылдық деп ойлаймын.

Дегенмен мені үрей мен қорқыныш тоқтатпайды. Майк менімен бокстасуға келісім бергені үшін қатты қателесетін болады. Мен Майкқа кімнің мықты екенін мына жұдырықпен көрсетемін, – деді Джейк Пол.

Майк Тайсон кәсіпқой бокстағы мансабын 2005 жылы аяқтаған еді. Ол шаршы алаңда 50 рет жеңіске жетіп, 44 айқаста қарсыласын нокаутқа жіберді. 6 жекпе-жекте жеңілді.

Джейк Пол 10 жекпе-жекті жеңіп, қазіргі ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюридің інісі Томми Фьюриден ғана жеңілді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БҚО әкімі жарыс жеңімпаздары мен ата-аналарды отбасы күнімен құттықтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.