Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр

Отырыста Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.

«Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз»,— деп атап өтті Премьер-министр.

Ұқсас жаңалықтар

«30/70» тұрғын үй несиесімен ипотека алуға бола ма?

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

admin_altyalash

Сырдария ауданының спорт саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

admin_altyalash