Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Астанадан Бурабайға пойызбен 2,5 сағатта жетуге болады

Фото: ҚТЖ

Енді Астанадан Бурабай курортына электр пойызбен 2,5 сағатта жетуге болады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі хабарлады.

ҚТЖ «Астана-Бурабай курорты» бағытындағы пойыздың жол жүру уақытын қысқартты. Енді жолаушылар Бурабайға 4 сағаттың орнына 2,5 сағатта жете алады.

Ол үшін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» электр пойызының маршруты Бурабай курортына дейін ұзартылды. Қарағандыдан Астанаға дейін бұл пойыз №7553/7556 нөмірімен жүреді, ал Астанадан Бурабай курортына дейін №6811/6812 нөміріне ауысады.

14 маусымнан бастап бұл пойыз аптасына  5 рет қатынайтын болады. Осылайша «Қарағанды-Астана-Бурабай» электр пойызы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.

Бұдан бөлек №7507/7508 «Астана-Көкшетау» электр пойызының маршруты Саумалкөл станциясына дейін ұзартылады. Енді бұл пойыз аптасына 3 рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді. Сондай-ақ Бурабай бағытында күнделікті №6829/6830 «Астана-Көкшетау» электр пойызы қатынайды.

Ал билет құнына келсек, электр пойызына билет құны 2 271 – 2 943 теңге аралығында болады. Қосымша электр пойыздары билетін 11 маусымнан бастап bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассасынан алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет мүддесін қорғау бойынша шаралар қабылданды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады

admin_altyalash

Жамбыл облысында бас бухгалтер 7 млн теңге жымқырған

admin_altyalash