Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Нысана көздеуден Олимпиадаға қатысатын спортшылар аталды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Ольга Довгун Олимпиялық ойындарға қатысатын спортшылар тізімін жариялады.

Бас жаттықтырушының айтуынша, Олимпиадаға лицензия алған спортшылардың бәрі жазғы ойындарға қатысады. Яғни, лицензияны алған соң, оларға жолдама берілген.

Қазақстан құрамасы сапында Никита Чирюкин, Александра Ле, Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Ирина Юнусметова нысана көздеуден сынға түседі.

Қазір ел қоржынында спорттың 22 түрінен 71 жолдама бар. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасып жатыр.

Соңғы рет Олимпиялық ойындарға жолдаманы үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу

admin_altyalash

Демократияның бір өлшемі еркіндік болса, екінші өлшемі – жауапкершілік

admin_altyalash

5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 1300 ЕРІКТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

admin_altyalash