Президент кеңесшісі ШЫҰ саммиті туралы: барлығымыздың мақсатымыз – өркениет үндестігін нығайту – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент кеңесшісі ШЫҰ саммиті туралы: барлығымыздың мақсатымыз – өркениет үндестігін нығайту

04.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

Болат Ақшолақов
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 – ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов ШЫҰ саммиті және ұйымға мүше елдер арасында ғылым мен жоғары білімді дамытуға қатысты ойын білдірді.

«Астана қаласы екі күннен бері түрлі салалар бойынша сындарлы сұхбат алаңына айналды. Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары мен беделді сарапшылар бір шаңырақтың астына жиналды. Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз бір – өркениет үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Бүгінгі симпозиум ШЫҰ мүше елдер басшыларының қатысуымен өтіп жатқан саммит аясында ұйымдастырылып отыр. Ауқымды іс-шараның маңызы зор, өйткені, ШЫҰ-ға мүше елдердің жоғары оқу орындары бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту күн тәртібінде тұр. Қазір дамыған мемлекеттер экономикалық әлеуетін көтеру үшін жоғары оқу орындарының әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттеріне айналдыруға күш салуда», – деді Болат Ақшолақов елордада өтіп жатқан «Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» атты халықаралық симпозиумда.

Президент кеңесшісінің мәлімдеуінше, ШЫҰ мүше елдер бірлесіп университеттік ғылымды дамытуға тырысып жатыр.

«ШЫҰ құрамындағы елдердің университеттері өзара ғылыми тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет. Сонымен қатар ортақ ғылыми жобаларды қолға алған жөн. Бұл іргелі істе ШЫҰ-ның атқаратын рөлі зор», – дейді ол.

Айте кетейік, қазір елордадағы Astana IT университетінде «Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» деген атаумен халықаралық симпозиум өтіп жатыр.

Жиын барысында «ШЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы» кітабының тұсауы кесер рәсімі жоспарланып отыр.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алып, қол алысты. Ел басшыларын қарсы алу рәсімі аяқталды.

Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде мүше мемлекеттердің басшылары Беларусь Республикасын Ұйым мүшелегіне қабылдауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды. Бұл туралы саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ШЫҰ аясында Үндістан және Қытаймен білім алмасу маңызды – Олжас Бейсенбаев

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы орталығы әмбебап орталыққа айналады – Путин

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.