Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

ШЫҰ бас хатшысының рөлін күшейту не үшін қажет – сарапшы пікірі

Фото: спикердің жеке мұрағатынан

 – Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Айнұр Абайқызы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы  бас хатшысының рөлін күшейту не үшін қажет екенін айтты.

ШЫҰ Астана саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұйым бас хатшысының рөлін күшейтуді құптайтынын айтқан еді. Сарапшы Айнұр Абайқызы бұл ұсыныстың мәнін былайша түсіндірді.

«ШЫҰ бас хатшысының рөлін күшейту өте маңызды. Өйткені ұйымға мүше елдердің саны артып жатыр. ШЫҰ географиясының кеңеюіне байланысты, айналысатын тақырыптарының көбеюіне байланысты, ұйымның әлеуетін көтеру үшін құрылымдық деңгейде жаңғыртудан өту керектігі көп айтылып жүр. Сондықтан бұл ұйым әрі қарай жемісті жұмыс істеу үшін, рөлін күшейту үшін, қызметін жетілдіру үшін Бас хатшының рөлін кеңейту қисынды болады», – дейді ол.

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Астана саммитінің нәтижесінде ШЫҰ стратегиялық дамуының 2035 жылға дейінгі стратегиясы қабылданып жатқанын еске салды.

«Соның аясында бас хатшының рөлін күшейту өте маңызды болып отыр. Оның үстіне мұндай қадай ұйымның институционалдық тұрғыдағы әлеуетін арттыруға септігін тигізеді», – деді Айнұр Абайқызы.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды

admin_altyalash

Сапалы жол жалпыұлттық міндетке айналуы керек

admin_altyalash

Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізіп, India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты

admin_altyalash