Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Қаржы пирамидасын басқарған әйел Армениядан экстрадицияланды

Фото: видеодан скриншот

Бүгін Бас прокуратура және Интерпол қызметкерлері қаржы пирамидасын басқарған қазақстандық әйелді қылмыстық жауапқа тарту үшін елге экстрадициялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2019-2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан 40-қа жуық адам 167 млн теңгесінен айырылған.

Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған. Күдікті осыдан кейін Арменияда жасырынған және сол елде ұсталды, – делінген прокуратура хабарламасында..

Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Бұл қылмыс үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Кореяда 2 күнде енгізген жобамызға Қазақстанда үш ай уақыт кетті – Жанәділ Талдыбаев

admin_altyalash

Депутат Айдос Сарым: Мемлекет басшысы – жаңа Ата Заңның бастамашысы ғана емес, негізгі авторы

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

admin_altyalash