ІІМ халықты тіркеу қағидаларын әзірледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІІМ халықты тіркеу қағидаларын әзірледі

17.07.2024
0
ІІМ халықты тіркеу қағидаларын әзірледі
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі «Халықтың көші-қоны туралы» заңға сәйкес «Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Ол ел аумағындағы халықты тіркеу тәртібін айқындайды,

Осы жоба арқылы ІІМ халықты тіркеу ережесін әзірлеу функциясын атқаратын болады.

Құжатқа сәйкес, 14 жасқа толған ел азаматтарын мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы уәкілетті органның аумақтық бөліністері, ал ел аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органның аумақтық бөліністері тіркейді.

Тіркеу орындары олардың заңды мекенжайы саналады. Азаматтың тұрақты немесе көбiне тұратын елдiмекені оның тұрғылықты жерi деп танылады. Ал 14 жасқа толмағандардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi болып олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi танылады, – деп жазылған құжат мәтінінде.

Халықты тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша тұратын жері бойынша есепке алу тұрғын үйдің меншік иесiнiң/иелерінің (жалға берушінің) жазбаша берген келiсiмiмен не электрондық нысанда жүзеге асырылады. Мұндай тіркеу мен есепке алу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақүйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, сондай-ақ адамдар тұру үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.

Жоба мәтінімен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады. Жобаны жария талқылау 22 шілдеге дейін жалғасады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Дәрілік заттарға баға белгілеу тетігі қайта қаралмақ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Менеджері Шавкат Рахмоновтың шаршы алаңға оралуы туралы ресми мәлімдеме жасады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.