фото:ашықдереккөз
Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы бағытында ынтымақтастық артып келеді. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров экспортты арттыру жолдары қаралып жатқанын хабарлады. Бүгінде Қытай Халық Республикасымен арадағы перстпективаларды талықлауға мән беріледі. Қос ел арасында өзара тауап жеткізу жыл сайын артып келеді. 2023 жылы тауар айналымы – 1,3 миллиард долларды құраса, 2022 жылы 550 миллион долларды ғана құраған. Бұл көрсеткіш 1 жыл ішінже 67 пайызға артқан. Экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 290 млн долларға өскен.
Қытай – әлемдік нарықтағы жетекші мемлекеттердің бірі. Сол себепті аспан асты елімен байланыс орнату, оның мүмкіндіктерін пайдалану аса маңызды. Биылғы жылдың алғашқы 5 айында қос ел арасындағы сауда айналымы 15 пайызға артты. Шамамен 540 млн долларды құраған. Ал экспорт көлемі 380 миллион долларды құрады.
Көрші елге астық және майлы дақылдарды экспорттауға күш салынып келеді. Нәтижелер де жақсы. Мәселен, 2022 жылы 259 мың тонна астық шығарылса, бидайдың көлемі 36 мың тоннан асады. Арпа шамамен 223 мың тонна болса, майды дақылдар 404 мың тоннаны құраған. Ал зығыр 168 мың тонна, күнбағыс 189 мың тонна, ал қалған астық түрлері – 47 мың тонна болыпты. Статитиска көрсеткендей, экспортқа шыққан дақылдардың көлемі артып келеді. 2023 жылы 1,4 миллион тонна астық шығарылса, бидай 538 мың тонна. 880 мың тонна арпа, 631 мың тонна майлы дақыл, 204 мың тонна күнбағыс экспортталған.
Алдағы уақытта министрліктің хабарлауынша, Қытай нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп шығару қолға алынады. Ол үшін өнімнің 27 түрін сонымен қатар 18 өсімдік және 9 мал шаруашылығы өнімдерін шығару көзделіп отыр. Мал шаруашылығы өнімдерін 9 мал шаруашылығы өнімдерін шығаруда ойда бар. Басты мақсат – Қытай Халық Республикасымен арадағы байланысты нығайта отырып, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды көбейту.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz