Қазақстанда жастар күніне арналған ұлттық онкүндік жалғасуда. Алтыншы күн коммуникациялық дағдыларды дамыту, инновациялық әлеуетті қолдау мәселелеріне арналды.
Өңірлерде Ted-X форматында жастармен мотивациялық кездесулер, мемлекеттік қызметтердің жас мамандары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға арналған семинарлар, лекциялар сияқты 100-ден астам іс-шара өткізілді.
Іс-шараларға мемлекеттік органдардың, полицияның, білім басқармасының өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ жастар ұйымы қатысты. Жалпы, іс-шаралар 9000-нан астам жасты қамтыды.
Бүгін «Еңбек барын де жеңбек» онкүндігінің жетінші күні. Ол жастардың еңбекке баулу мен экономикалық белсенділігін арттыруға арналған.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.