фото:ашықдереккөз
Абай облысындағы ауылдық елді мекендерді дамыту стратегиясы аясында жол картасы жүзеге асырылуда. Жобаға негіз болған Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Родина кентінің табысты тәжірибесі облыстың ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталады.
«Өткен жылы Родина ауылына барғаным маған жақсы әсер қалдырды. Біз болған кезімізде ұйымшылдыққа үлгі болып отырған жергілікті өндіріс орындарының жұмысымен жан-жақты таныстық. Ендігі мақсатымыз – Родина кентінің тәжірибесі мен жетістіктерін пайдалана отырып, Абай ауданын абаттандыруды дамыту. Біз озық тәжірибелерді қолдана отырып, өз аймағымызды ыңғайлы және тартымды ете алатынымызға сенімдіміз», – деді Абай ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Әкімбаев.
Қымыз өндірісі аймақта қарқынды дамып келеді. Бұл 2021 жылдан бастап күніне 100 литрге дейін қымыз өндіретін «Жарылғасын» шаруа қожалығының құзырында. Қазіргі уақытта жоба әзірленуде. Басты мақсат –ауыл тұрғындарынан күн сайын сауылатын қымызды қабылдау, өндіру және бөтелкеге құю. Өндіріс көлемін тәулігіне 5 тоннаға дейін ұлғайтып, қосымша құрал-жабдықтар сатып алып, республикалық нарыққа шығу жоспарлануда. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жоспарларға бөтелкелерді шығаратын жабдықты, орау машинасын және басқа да қажетті жабдықтарды сатып алу кіреді. Сондай-ақ ұнтақталған қымыз бен саумалдан балмұздақ өндіру жоспарлануда.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz