фото:ашықдереккөз
Қазақстанда мал және өсімдік шаруашылығының генетикалық орталығы құрылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Ол Үкімет отырысында мал шаруашылығын дамыту мен жем-шөп өндірісін арттыру туралы мәселе көтерді. Бұл бағытта ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қолдауымен «Жерсу» корпорациясының селекциялық мал шаруашылығына көңіл бөлу туралы тақырып көтерілді.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдегендей, маусым айының бірінші жартысында Жетісу өңіріне сапары аясында ауыл шаруашылығына қатысты біраз мәселелер көтерілген. Әсіресе жануарлардың генетикалық селекциясы бойынша жеке кәсіпкерліктің жинақталған тәжірибесін республика көлемінде таратудың проблемалары қарастырылды. Сапар аясында «Жерсу» және «ҚазҰҒЗИ» өкілдері қызметі негізгі 3 бағытты қамтитын асыл тұқымды мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі бойынша генетикалық орталықтың жобасы жүзеге асырылмақ.
Сонымен қатар жоба аясында республиканың оңтүстік-шығысында мәдени жайылымдар жүйесін кейіннен қалыптастыра отырып, табиғи жайылымдардың өнімділігін арттыру және тұқым шаруашылығының заманауи базасын құру технологиясын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
Жалпы алғанда, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» күн тәртібіндегі негізі тақырыптардың бірі. Серік Жұманғарин асыл тұқымды малдар мен мал азықтық дақылдар селекциясын дамыту бойынша ұсынылған тәсілдерді қолдады. Ұсыныстар қажетті ұйымдастыру аспектілері, іске асыру мерзімдері және бюджеттік өтінімдер тұрғысынан егжей-тегжейлі жазылады. Сол себепті асыл тұқымды малды іріктеу мен тіркеуді цифрландыруды, жемшөптің, сүттің сапасын сараптайтын бес аккредиттелген зертханасы бар генетикалық орталық құру негізгі мақсат болып отыр.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz