Олжас Бектенов: Мұнай-газ саласы барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мұнай-газ саласы барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек

14.08.2024
0
Олжас Бектенов: Мұнай-газ саласы барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңес барысында мұнай өндіру мен өңдеудің сын-тегеуріндері мен келешегі, сондай-ақ геологиялық барлау саласындағы жаңа жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды.

Премьер-Министр атап өткендей, Мемлекет басшысы Үкімет алдына мұнай-газ секторының инвестициялық тартымдылығын дамыту және арттыру міндетін қойды.

Өткен жылы елімізде 90 млн тонна мұнай өндірілді, ал расталған қор 2,9 млрд тоннаға бағаланып отыр. Сала салық түсімдері мен жұмыс орындарының едәуір бөлігін қамтамасыз етеді.

Олжас Бектенов Қазақстанда ірі жобаларды іске қосудың маңызына тоқталды, оның ішінде Атырау облысында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін мұнай-химия зауыты, салына бастаған үш газ өңдеу зауыты бар. Бутадиен және полиэтилен өндіретін зауыттар салу перспективалары талқыланды.

Салық және инвестициялық заңнама жетілдірілуде, Кәсіпкерлік кодекске және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске кәсіпорындарға жүктемені төмендететін түзетулер енгізілді. Жер қойнауын пайдаланушылар үшін реттеушілік және фискалдық преференциялар топтамасын бекітетін күрделі жобалар бойынша жетілдірілген үлгілік келісімшарт енгізілді.

Үкімет мұнай және мұнай өнімдері нарығын ырықтандыруға бағытталған реформалар жоспарлап отыр. Осы мақсатта Салық және Бюджет кодекстеріне, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске заңнамалық түзетулер әзірленуде, бұл жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай өнімдерін өндірушілерді қосымша ынталандыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, бизнестен жергілікті қамту үлесін айтарлықтай ұлғайту және отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары күтілуде. Мұнда маңызды рөл үш ірі консорциум – «Теңізшевройл», Karachaganak Petroleum Operating B.V. және North Caspian Operating Company N.V. компанияларына жүктелген, бұл – саладағы барлық сатып алулардың 70%-ын құрайды.

«Мұнай-газ саласы ең алдымен, барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек. Біз ұлттық бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын құруға және азаматтарымыздың тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпал ете отырып, мұнай-газ саласынан түсетін табыстың неғұрлым көп бөлігінің Қазақстанда қалғанын қалаймыз. Сондай-ақ жергілікті кадрларға да тиісті көңіл бөлу қажет. Көптеген есептерде жұмысшылардың 90%-дан астамы қазақстандықтар екенін көріп отырмыз. Бірақ басшылық құрам туралы бұлай айта алмаймыз. Бүгінгі таңда елімізде әлемдік жетекші мұнай-газ компанияларынан алған жұмыс тәжірибесі бар басқарушылар жеткілікті. Оларға жобаларда перспективалық позицияларды ұсынуымыз қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет инвестиция тартуға жағдай жасай отырып, геологиялық барлау жұмыстарын қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты компанияларға тереңдеу жатқан жерлерді зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ Премьер-Министр экономикалық даму мен экологиялық тұрақтылық арасындағы тепе-теңдіктің маңызына тоқталып, экология мәселелеріне де назар аударды. Ол үшін инновациялық әзірлемелер мен жаңа технологиялық шешімдерге белсенді түрде инвестиция салу қажет.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Chevron Corporation» Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнес, «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ли Шуфэн және басқа да қатысушылар мұнай-газ саласындағы ахуал туралы баяндама жасады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ІІМ интернет-алаяқтардың байланыс арнасының жолын кесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан делегациясы Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық волонтерлер мектебіне қатысады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.