Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

БИБІСАРА АСАУБАЕВА – ГРАН-ПРИДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Шахматтан Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы соңғы турда Вейшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді.

Ал Асаубаевамен бірдей келе жатқан Алина Кашлинска (Польша) қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Жалпы Бибісара Тбилисиде әуелі Сарасадат Академалшариехті (Испания), сосын 7-турда Александра Костенюкті (Швейцария) ұтты. Қалған партияның бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан.

Бибісара – бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.

Ұқсас жаңалықтар

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 12 %-ҒА ӨСТІ

admin_altyalash

Президент рақымшылық жөніндегі комиссияның құрамын өзгертті

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА “ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

admin_altyalash