фото:ашықдереккөз
Жыл сайынғы ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесінде Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала 2» несиелеудің жаңа бағдарламасын ұсынды. Бұл жоба аясында фермерлер тиімді шарттармен несие ала алады. «Агрокапитал» ірі кәсіпорнының басшысы Ислам Маржақыпов ауыл шаруашылығы техникаларымен танысып отыруға, мүмкіндік болса сатып алуға тырсады екен. Себебі жыл өткен сайын техниканың түр-түрі шығып жатқаны жасырын емес.
«Мен осы көрмеге келген сайын комбайндар мен өзге де технолгияларды қарап жүремін. Себебі менің шаруашылылығым үшін өте маңызды екенін айтқым келеді. Біздің тәжірибеміз «ҚазАгроҚаржыдан» басталды. Біз бірінші комбайнды сатып алғанда, біз оны агробизнес үшін алдық. Келесі жылы 6 пайызбен лизингке алдық, ал өткен жылы «Кен Дала» арқылы қаржы алдық. Биыл «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 150 миллион несие алдық. Басты мақсат – еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын да ашу. Сол себепті мұндай мүмкіндіктердің болғаны құба-құп» – деді «Агрокапитал-2018» ЖШС директоры Ислам Маржақыпов.
Осы жылы корпорация жаңа жобаларды іске қосты. Соның арқасында фермерлер 5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, пайдасына жаратты. Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Марлен Нәбиевтің айтуынша, жыл сайын бұл бағытқа 140 миллиард теңге қаржы бөлінеді. Биылдан бастап жаңадан іске қосылған бағдарламаның бірі осы – «Кең дала 2» бағдарламасы. Аталған бағытта шаруалар мемлекеттен субсидия күтіп отырмай, тікелей алуға мүмкіндік беріледі.
«Біз сату арналарымызды кеңейттік. Бұрын «Кең далаға» несие серіктестіктері мен екінші деңгейлі банктер арқылы өтініш беруге болатын еді. Бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік компаниялар арқылы тікелей қаржыландыруды енгіздік. Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қазірдің өзінде 125 миллиард теңге көлемінде несие берілді. Бағдарламада мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі де қарастырылған» – деді ол.
Айта кетейік, несие сомасының басым бөлігіне «Даму» қоры кепілдік береді. 17 маусымнан бастап «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасы мен холдинг Үкіметпен бірлесіп жеңілдікті лизингке 100 миллиард теңге бөлді. Аталған бағдарлама жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін пайдалы бағдарламаның бірі болмақ. Сол арқылы фермерлеріміз техниканы сатып алуға, өнім үлесін көбейтуге мүмкіндігі бар.
Аграрлық несие корпорациясы мен «ҚазАгроқаржы» АҚ өкілдері жыл сайын көрме өткізіп, шаруаларға кеңес беруге, жол көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz