Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнер

Алматыда Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына орай іс-шаралар өтті

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, күйші, композитор әрі дирижер Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен еске алу кеші өтті.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтті. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Ұлыбританиядан ғалымдар, өнертанушылар, педагогтер мен орындаушылар қатысты. Қатысушылар Қаршыға Ахмедияровтың күй өнеріне қосқан үлесін, шығармашылық мұрасын және ұстаздық жолын атап өтті. Жиында күйшілік мектептерді сақтау мен жас орындаушыларды даярлау мәселелері де сөз болды.

Конференция Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғасты. Іс-шарада дәстүрлі музыка, музыкалық білім беру және орындаушылық өнердегі дәстүр сабақтастығы жөнінде баяндамалар оқылды.

Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Күй кемеңгері – Қаршыға» атты еске алу кеші өтті. Концертте консерваторияның студенттік фольклорлық халық аспаптар оркестрі, ансамбльдер мен жеке орындаушылар өнер көрсетті. Кешке Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, Қырғызстанның халық әртісі Роза Аманова және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина да қатысты.

Мерейтойлық іс-шаралар өнер иесінің шығармашылық мұрасын дәріптеуге және күй орындау шеберлігін жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Астана қаласының әкімін қабылдады

altyalash_kz

«Назар аударыңыз, балалар!» акциясы жалғасуда.

altyalash_kz

Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес, барған әулетіне құрмет көрсету

altyalash_kz