Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақ балуандары әлем чемпионатында екі медаль ұтып алды

фото:ҰОК

Испанияда өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

55 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков үшінші орын үшін белдесуде Максим Смирновты (Молдова) 10:1 есебімен ұтты.

Сондай-ақ, 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Темірлан Тұрдақын үшінші орынға ие болды. Кіші финалда ол Армениядан келген Рубен Геворгианды 3-1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан күрестен әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Платон – Қазақстанның ең жас креаторларының бірі

admin_altyalash

Түркістан облысында бройлер құс фабрикасы салынады

admin_altyalash

Бұл құжат – қазақ халқының тарихи жады мен рухани мұрасының құнды айғағы

admin_altyalash