Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарРуханият

Бұл құжат – қазақ халқының тарихи жады мен рухани мұрасының құнды айғағы

«Хандар шежіресі» XVIII ғасырдың бірегей қолжазбасы ЮНЕСКО тізіліміне енді

«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының «Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімінде сақталған XVIII ғасырдағы «Хандар шежіресі» бірегей қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіліміне енгізілді. Бұл құжат – қазақ халқының тарихи жады мен рухани мұрасының құнды айғағы.

Қолжазба жазылған қағаз өзінің көлеміне қарай өлшеніп пішілген: ені 45 сантиметр, ұзындығы үш метрден асатын жұқа тоқылған ақ матаға желімдеп жапсырылған. Екі жағы ұршық басына бекітілген, ұршық сабындай арнайы жасалған ағаш таяқшаға оралған. Мұндай әдіс осындай маңызды құжаттарды, қолжазба нұсқаларды арнайы сақтауға оңтайлы.

Бұл құнды жәдігер 1964 жылы кітапхана қорына түскен. Қолжазба кітапхананың бұрынғы қызметкері Е.Байболовтың атына С.Б.Кулбасинов есімді азамат жолдаған. Ол өзінің мекенжайын РКФСР, Челябі облысы, Субутах станциясы, Магнитті астық шаруашылығының оңтүстік бөлімі деп көрсеткен.

«Хандар шежіресі» – тарих пен мәдениеттің сабақтастығын айғақтайтын, ұрпаққа аманат болған асыл мұра.

Ұқсас жаңалықтар

Оқушылар үшінші тоқсанды жаңа «Жайлы мектепте» бастайды

admin_altyalash

Медиа саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр – Балаева

admin_altyalash

Ұлы ағартушыны ұлықтаған жеңіл атлетика мерекесі

admin_altyalash