Энергетика министрлігі Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аграршыларының өтінімдері бойынша астықты кептіру агрегаттары үшін 67,7 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынының қосымша көлемін бөлді. Бұл туралы Энергетика министрлігі 9 қыркүйекте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен күзгі-дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жеделштаб отырысында хабарлады.
Сұйытылған газды жеңілдетілген бағамен бөлу мәселесі өзекті болып отыр. Астық егетін алты өңірдің бүкіл жинау маусымына кептіргіштердің жұмысы үшін жалпы қажеттілігі 21,5 мың тонна сұйық отын болса, (қыркүйек-қазан) қазіргі уақытта 5 мың тонна бөлінді. Сұйытылған газ сұйық отынмен жұмыс істейтін кептіргіштердің ең көп саны орналасқан Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына таратылды. Басқа үш облыстың фермерлерін кептіру агрегаттарын сұйытылған газбен жедел қамтамасыз ету үшін Серік Жұманғарин бөлінген отын көлемін қажеттілік туындаған өңірлерге қайта бөлуді тапсырды. Астық жинау маусымына газ қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін өндірушіден сұйытылған газдың коммерциялық бағасын арзандату мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар ішкі нарықта сұйытылған газға деген жоғары сұранысты ескере отырып, өңірлерге кептіру агрегаттарының мүмкіндіктері кезінде отынның екі түрімен жұмыс істеу, соның ішінде дизельді таңдау ұсынылды.
Жеделштабта «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев егін жинау кезеңінде астық кептіргіштерді жылдық 9%-бен сатып алуға кредит беру үшін қаржы құралы әзірленгенін хабарлады. Фермерлерден 260 млн теңге сомаға 6 өтінім келіп түсті. Айта кету керек, ауыл шаруашылығы техникасының осы түрі құнының 30% мемлекет субсидиялайды.
10 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміз бойынша шамамен 4,7 млн га дәнді және бұршақты дақылдар жиналды немесе 28%, орташа өнімділік 14,9 ц/га құрайды, шамамен 6,9 млн тонна астық бастырылды.
5 қыркүйектегі жағдай бойынша республика элеваторларына 880,5 мың тонна астық түсті, оның ішінде ылғалдылығы 14,5%-ға дейін – 40,1% болса, 14,6-дан 17,0%-ға дейін – 23,1%. 260,4 мың тонна (29,6%) кептірілді, 321,8 мың тонна (36,5%) өңделді.