Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Ақтаулық жас маман: “АЭС қоршаған ортаны ластанудан қорғайды”

Атом энергетика саласында жұмыс істейтін жас маман Маржан Елтизарова елімізде АЭС салуға қарсы емес екенін жеткізді. Ол – Маңғыстау атом электр комбинатында БН-350 реакторлық қондырғысының техникалық қолдау көрсету бөлімінің инженер-технологы.
«Жас маман ретінде мен АЭС салуды қолдаймын. Менің ойым – түзу. Атом энергетикасы – сенімді, тұрақты энергия көзі. Әлемде көптеген елдер атом энергетикасын пайдаланады» – дейді Маржан Елтизарова.

Маржанның сөзінше, АЭС – ең тиімді, таза энергия өндіру көзі.

«Біз білетін әлемдік 17 тұрақты даму жоспары бар. АЭС құрылатын болса, біз жетінші тұрақты даму жоспарын, таза энергия көзін қолданамыз. Бұл – ең тиімді, пайдалы, шығыны өте аз болатын энергия көзі. Жерден көмір қазғанда ауа, су, климат ластанады, ал АЭС салынса, қоршаған орта барынша таза болады» – дейді жас маман.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа заманауи кітапхана ашылды

admin_altyalash

Астанада өтетін дүбірлі доданың басталуына 30 күн қалды

admin_altyalash

Түркістан облысында радикалды діни идеяларды жақтаушы ұсталды

admin_altyalash