Жедел жәрдем қызметінің пациентке жететін уақытын қайта қарауды ұсынды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Жедел жәрдем қызметінің пациентке жететін уақытын қайта қарауды ұсынды

18.09.2024
0
Жедел жәрдем қызметінің пациентке жететін уақытын қайта қарауды ұсынды

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Фото: orda.kz
Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков әкесінің қазасынан кейін елімізде жедел жәрдем қызметінің пациентке жететін уақытын қайта қарауды ұсынды, – деп хабарлайды altyalash.kz  Aikyn.kz.ке сілтеме жасап.
Ол Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға депутаттық сауал жолдады.

“Еліміздегі жедел медициналық көмек көрсету ережесін қайта қарау өте маңызды. Ереженің 2-тарауының 11-тармағында дәрігерлік бригаданың диспетчерден пациентке дейін жету уақыты айқын белгіленген. Дегенмен ірі қалалардан бастап, кенттер мен ауылдарға дейін нормамен белгіленбеген уақытта жедел жәрдем қызметі жетпейтінін жиі естиміз. Мұндай жағдай жақында біздің әулетімізде де болды. 23 шілдеде әкем кенеттен ауырып, сағат 13.50-де жедел жәрдем шақырдық. Алайда жәдел жәрдем 30 минуттан астам уақытта келді. Бұл аралықта әкемнің жағдайы нашарлап кетті. Шымкент қаласы “Жедел медициналық жәрдем көрсету стансасы” ереже бойынша пациеттің жағдайы екінші жеделдік санатта болғандықтан, 15 минутта жетуі тиіс еді. Бірақ кешіккеннен кейін тиісті жәрдемін көрсете алмай, әкемізден айырылып қалдық”, – деді депутат.

Айтуынша, жедел жәрдем өз уақытында келетін болса, көп азаматты ажалдан арашалап қалуға мүмкіндік бар.

“Міне, ереженің осы нормалары көп жағдайда сақтала бермейді. Кейде жедел жәрдем 1 сағаттан аса уақытта жетеді. Мұны қалай жедел жәрдем деп атауға болады? Мәселен, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Аустрия, Ирландияда жедел жәрдем қызметінің басты ерекшелігі – олар өте шұғыл, шұғыл деп екіге бөлініп, науқастарға қызмет көрсетеді. Осы тәжірибені бізге де енгізу қажет”, – деп жалғастырды ол.

Мәжіліс депутаты жедел жәрдемнің пациентке жететін уақытын қайта қарап, әлем елдерінің тәжірибесін зерттеуді ұсынып отыр. Сонымен қатар жедел жәрдем саласына жекеменшік секторды енгізіп, сервистік қызмет саласын жетілдірген жөн, – дейді ол.

Бұдан басқа Данабек Исабеков министрден барлық жедел жәрдем бригадасының жұмыстарына тексеру жүргізуді, мамандардың біліктілігін қатаң бақылауға алуды сұрады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Балалар ортасында қылмыстарға жол жоқ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жатыр мойны обырының даму қаупін азайтуға көмектеседі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.