Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнер

«Айқай» фильмі Испаниядағы халықаралық фестивальде топ жарды

«Айқай» Испаниядағы ImagineIndia International Film Festival кинофестивалінде топ жарды. Фильм 70-ке жуық туындының ішінен таңдалып, «Үздік сценарий» аталымына қол жеткізді.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген. Туындыда ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей полигоны құрбандарының тағдыры баяндалады. Маңызды мәселені қаузаған фильмнің 23-ші рет өткізіліп отырған фестивальде топ жаруы бекер емес.

Фильмнің режиссері – Кенжебек Шайқақов. «Айқай» – режиссердің екінші толықметражды жұмысы. Көркем фильмнің түсірілімі Абай облысы Аягөз ауданы Шыңғожа ауылында өтті. Басты рөлдердерде Орынбек Шаймағанбетов, Арнұр Акрам, Ерболат Әлқожа, Бейнұр Баймұхамбетов, Ерлан Малаев, Айбек Иманқұлов және Айғаным Нұрсұлтан ойнайды.

ImagineIndia фестивалі – Үнді субконтиненті, Азия елдері, Испания және онымен бірге Еуропалық Одақ арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға арналған ауқымды жоба. «Айқай» фильмінің жетістігі мәдени ынтымақтастықтың, әлеуметтік және экологиялық мәселелерге қатысты оқиғаларды насихаттаудың маңыздылығын көрсетеді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жосықсыз алимент төлемеушілермен күрестің жаңа тәсілдері

admin_altyalash

Моңғолия Президентінің сапары елдер арасындағы технологиялық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды

admin_altyalash

Астанада тас өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі өтті

admin_altyalash