Шахматты дамытуға күш салғанымыздай, табиғатқа қамқорлық жасау да маңызды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шахматты дамытуға күш салғанымыздай, табиғатқа қамқорлық жасау да маңызды

24.09.2024
0
Шахматты дамытуға күш салғанымыздай, табиғатқа қамқорлық жасау да маңызды

Ірі халықаралық шахмат турнирінен оралған қазақстандық шахматшыларды әуежайда спорт ұйымдарының өкілдері, жанкүйерлер мен туыстары салтанатты түрде қарсы алды. Ал жылы кездесуден кейін команда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға аттанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы бастама аясында олар Ботаникалық баққа ағаш отырғызды.

«Еліміздің атынан халықаралық аренада өнер көрсетіп қана қоймай, еліміздің экологиялық болашағына үлес қосу – біз үшін үлкен мәртебе. Ағаш отырғызу – өсу мен күтімнің символы, ол басқаларға шабыт береді деп үміттенемін. Шахматты дамытуға күш салғанымыздай, табиғатқа қамқорлық жасау да маңызды», – деп атап өтті шахматтан әлем чемпионы, елордалық шахматшы Қазыбек Нөгербек.

20 жастағы ойыншы Үндістандағы жасөспірімдер арасындағы планета біріншілігінде ерекшеленді. Осыдан екі жыл бұрын Қазыбек Нөгербек 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық шахмат құрамасының қатысушыларының бірі Әлішер Сүлейменов «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу туралы өз әсерімен бөлісті:

«Ағаш отырғызу – біздің болашаққа қосқан үлесіміздің белгісі. Біздің спорттық жетістіктерімізді еселейтініміз сияқты табиғатымызды аялап, экологиямызға қамқорлық жасау да өте маңызды».

Естеріңізге сала кетейік, елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы жалғасып жатыр. Ауқымды экоакция шеңберінде жасыл желектерді отырғызу, қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды және т.б. жинау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Республикаға 1 млн 140,7 мың этникалық қазақ оралды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент Агенттік төрағасының еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы есебін тыңдады.

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.