Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Маңғыстауда татулығы жарасқан тоғыз келін дауыс берді

«Абысын – ажын» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы Бекмағұловтар әулетінің тоғыз келіні бүгін референдумға келіп, таңдау жасады.

Ел болашағы үшін маңызды шешім қабылданар күнді мерекеге балап, өз қолдарымен тіккен әдемі көйлек кәжекейімен келіп, сайлау учаскесінің ішін нұрландырып жіберді.

Халыққа жақсы көңіл күй сыйлаған келіндердің үлкені Жаңылхан Еменова «Бәріміз бір ауыздан бірге келуді шештік. «Абысын тату болса ас көп» деген деген дана халқымыздың қағидасын ұстана отырып, келіндеріме бірге баруға ұсыныс тастадым, олар мені қолдады. Әрқайсымыз бейбіт те берекелі еліміздің келешегі үшін, ұрпағымыздың ертеңгі бақуатты өмірі үшін жауапкершілік танытып, дауыс берейік,-дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Екеуі де жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған

admin_altyalash

Түркістан облысында 50 мың бас ірі қараға арналған бордақылау кешені cалынуда

admin_altyalash

Шымкентте 22 адамнан тұратын радикал-экстремистік ұйым анықталды

admin_altyalash