Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтарЭкономика

Түркістан облысында 50 мың бас ірі қараға арналған бордақылау кешені cалынуда

gov.kz

Өңірде агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі — 50 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау кешенінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды толық қуатына шығару 2026 жылдың шілде айына жоспарланған.

Жоба «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында іске асырылуда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға, сондай-ақ отандық агросектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдау шаралары мен жеке инвестицияларды тарту арқылы кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бірінші кезеңде бордақылау кешенін салуға 2,9 млрд теңге бағытталды, қосымша 1,5 млрд теңге жеңілдетілген қаржыландыру құралдары аясында жаңбырлатып суару жүйелерін енгізуге бөлінді. Қазіргі таңда жоғары өнімді 30 мың бас мал сатып алынып, оны кезең-кезеңімен жобалық қуат — 50 мың басқа дейін жеткізу көзделген.

Екінші кезеңде мемлекеттік қолдау көлемі 5,9 млрд теңгені құрады, сонымен қатар жеке инвестициялар тарту жалғасуда.

Кешен заманауи, еуропалық деңгейдегі технологиялармен жабдықталуда. Барлық өндірістік процестер — азықтандыру, күтіп-бағу және ветеринарлық қызмет көрсету — автоматтандырылған және тиімділік пен биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Өндірістік цикл малдың күйзелісін азайтып, өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін австралиялық тор қағидатына негізделген технология бойынша ұйымдастырылған.

Жоба аясында тұрақты жем-шөп базасын қалыптастыруға ерекше назар аударылған. 4710 гектар аумақта заманауи жаңбырлатып суару жүйелері енгізілген. Күн сайынғы жем-шөп дайындау көлемі 500 тоннаға дейін жетеді.

Сонымен қатар сағатына 20 тонна түйіршіктелген жем өндіретін құрамажем зауыты іске қосылған. Болашақта жылына 1 млн тонна жем өндіретін зауыт салу жоспарлануда.

Кәсіпорында сумен жабдықтаудың заманауи жүйелері және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес қалдықтарды экологиялық қауіпсіз кәдеге жарату жүйелері енгізілген.

Қазіргі кезеңде 30-дан астам жұмыс орны құрылған, ал кешен толық қуатына шыққанда бұл көрсеткіш 100 жұмыс орнына дейін ұлғаяды.

Жоба инвесторы Сырым Ертаевтың айтуынша, өндірілген өнім қазірдің өзінде Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға экспортталуда.

Орта мерзімді кезеңде Түркия және басқа да елдердің нарығына шығу жоспарланып отыр. Бұл экспорт географиясын кеңейтіп, экспорттық түсімді арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта жоба аясында бір ауысымда 1500 бас ірі қара және 5000 бас ұсақ мал өңдейтін ет өңдеу кешенін салу көзделген. Сонымен қатар өнімді терең өңдеу арқылы қосылған құны жоғары дайын өнімдердің кең ассортиментін шығару жоспарлануда. Аталған өнімдер ішкі нарықпен қатар Қытай мен Түркия сияқты сыртқы нарықтарға бағытталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов: Жұмыс істеуге қабілетті әрі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын адамдарды мемлекет асырауға тиісті емес және асырамайды да

admin_altyalash

Апатты үйден жаңа баспанаға көшті

admin_altyalash

АШМ киіктердің етін қайда сататынын білмейді

admin_altyalash