Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Атырау қаласында 26 субъектіге жерді заңсыз иеленгені үшін айыппұл салынды

фото:foto.ru

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 26 жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иеленгені үшін әкімшілік іс қозғады,-деп хабарлайды altyakash.kz.

Заңсыз иеленген жер учаскелерінің аумағы 3,8 га құрады. Әкімшілік айыппұлдар 4,2 млн теңге көлемінде салынды.

Сондай-ақ, департамент бір жыл бұрын 60 га жер учаскесін иеленген “Ш” шаруа қожалығына осы учаскені мақсатты пайдалануға сәйкес игеру қажеттілігі туралы тапсырма берген болатын.

Тапсырма орындалмағандықтан, департаменттің сотқа жер учаскесін міндетті түрде тартып алу туралы талап-арызы ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес қанағаттандырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Бас бапкер қазақ боксшыларын алда қандай жарыстар күтіп тұрғанын айтты

admin_altyalash

Композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті

admin_altyalash

Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты сот үкімі шықты

admin_altyalash