Құзға өрмелеуден Ұлттық құрама спортшысы елордалық Әмір Маймұратов Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Париж Олимпиадасының қатысушысы Әмір Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен құзға өрмелеуден әлем Кубогында керемет нәтиже көрсетті. Ол 1/8 финалда таиландтық Афивита Лимпаничпакдиді 6,19 секунд уақытпен жеңді.
Ширек финалда оның қарсыласы АҚШ өкілі Майкл Хом болды, ол оны 5,22 секундта ұтса, жартылай финалда әлем чемпионы италиялық Матео Зурлониді жеңіп, 5,57 секунд нәтиже көрсетті. Ал финалда жерлесіміз қытайлық Хиншанг Вануға есе жіберіп, жарыс жолын 10,60 секундта аяқтады.
Осылайша Астана қаласының спортшысы Әмір Маймұратов жылдамдық сайысы бойынша екінші орынға ие болды.
Айтулы жарыста жылдамдық сайысы бойынша барлығы 55 спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.